Қоғам

Игілік ауылы Интернетсіз отыр

Өңірдегі шалғай ауылдарда ғаламтормен қамтылу мәселесі түбегейлі шешілмей тұр. Әсіресе, кешегі пандемия кезіндегі қашықтан оқытуда студенттерге тапсырманы жеткізу және олардан жинап алу қиындық туғызған-ды.

Мәселен, Күршім ауданындағы Игілік ауылының тұрғындары қаладағы балаларына не туыстарына ақша аудару үшін, ай сайынғы коммуналдық төлемдерді телефондағы қосымшамен төлеу үшін интернеті бар жерлерге баруға мәжбүр.

– Бұл – көпті толғандырып жүрген маңызды мәселе. 2024 жылға арналған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасынан үміт күткен едік. Бірақ ол да жүйелі түрде атқарылмай жақан сыңайлы. Меніңше, тек халық саны көп ауылдарға емес, барлық шалғай елді мекендерге ғаламтор орнатқан жөн, – дейді ауыл тұрғыны Талшын Қыстаубаева.

Берік Сәрсеков, студент

Осы айдарда

Back to top button