Қоғам

Иван Люфт үздіктер қатарында

Иван Люфт үздіктер қатарында


Иван Люфт тағы да үздіктер қатарында. Финляндияның Контиолахти қаласында өтіп жатқан FIS халықаралық шаңғы жарысында шығысқазақстандық спортшы классикалық әдіспен жүгіру сайысында екінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 100-ге жуық спортшысы қатысқан болатын. Жерлесіміз 10 шақырымдық қашықтықты классикалық әдіспен жүгіруде тек ресейлік спортшыны алға жіберіп, жүлделі екінші орынға табан тіреді. Ал үздік үштікті тағы бір отандасымыз Николай Чеботько түйіндеді.

Негізі, бұл жарысқа үш бірдей шығысқазақстандық спортшы қатысқан болатын. Алайда олардың нәтижелері әлдеқайда нашар болды. Риддерлік Сергей Черепанов мәре сызығын 12-ші болып кессе, семейлік Никита Жарносенко 29-шы орыннан көрінді.

Естеріңізге салайық, Шемонайха ауданының тумасы Иван Люфт бұған дейін, дәл осы Финляндия жерінде өткен тағы бір халықаралық жарыста топ жарған болатын.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button