Қоғам

Иван Люфт Финляндияда топ жарды

Иван Люфт Финляндияда топ жарды


Финляндияда шаңғы жарысынан өтіп жатқан FIS халықаралық додасында жерлесіміз Иван Люфт классикалық әдіс бойынша 10 шақырымдық спринттік сайыста топ жарды.

Жастар арасындағы бұл жарысқа барлығы 60 саңлақ қатысқан. Біздің спортшыға мәре сызығын бірінші болып кесіп өту үшін 22 минут 01 секунд қажет болды.

Айта кетейік, маусым алдындағы бұл жарыстар спортшыларға рейтингтегі жағдайларын жақсартып алуға мүмкіндік береді. Қараша айының соңына дейін Финляндия жерінде тағы бес FIS сайысы өтеді.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button