Қоғам

Иван Люфт енді Швециядағы сайысқа қатыспақ

 Иван Люфт  енді  Швециядағы сайысқа  қатыспақ


Алматыда өтіп жатқан XXVII Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының шаңғы жарысынан алтын медаль иеленген Иван Люфт Өскеменге келді. Ел намысын қорғап, жеңіске жеткен спортшыны өскемендіктер құшақ жая қарсы алды.

Универсиада ойындарында жеңіске жетіп, «қазақстандық лаки-лузер» атымен есте қалған Иван Люфт бұл жеңісімен тоқтап қалмақ емес. 13-ақпанда Швецияда өтетін қысқы ойындарға қатысуды жоспарлауда.

– Универсиада ойындарында жеңіске жеткенім дайындық пен жанкүйерлерімнің қолдауының арқасы. Бірақ мен бұл көрсеткішпен тоқталып қалмақ емеспін. Бірер аптадан кейін Швецияда өтетін қысқы ойындарға қатысу жоспарда бар, – деді Универсиада ойындарының алтын медаль иегері Иван Люфт.

Облыстық ақпарат орталығы

Осы айдарда

Back to top button