ҚоғамПікірлер

Іскерлігі қиын кезде танылады

Айтқазы Шерубаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Бір ай бұрын Риддер жылу электр орталығында туындаған қиын жағдайда облыс әкімі Даниал Ахметовтің стратегиялық ойлау қабілеті және өмірлік тәжірибесі айқын көрінді. Ол, дереу оқиға орнына жетіп, маңызды және уақтылы шешімдер қабылдай білді.

Төтенше жағдай штабын құрды, жылу электр орталығы қызметін қалпына келтіруге келген облыстың басқа кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастырды.

Мен оның біліктілігінің арқасында ғана қаладағы жылу жүйесін сақтап, осындай күрделі және іске қосылған кәсіпорынды ұстап қалғанымызға күмәнім жоқ. Осылайша, дәл осыған ұқсас жағдайдың салдарынан Екібастұзда орын алған үлкен апаттың қайталануына жол берілмеді. Бұл оның білікті басшы, іскер ұйымдастырушы екендігінін айқын дәлелі.

Бұл Даниал Ахметовтің біліктілігінің бір қыры ғана, басқа салаларда ауыз толтырып айтар айтулы жетістіктер көп!

Жалпы, бүгінгі Даниал Кенжетайұлын облыс әкімі лауазымына қайта тағайындау дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймын!

 

Осы айдарда

Back to top button