Қоғам

Іскер ханымдарға арналған байқауға өтініш қабылдау басталды

KMF Isker Hanymy-2023 байқауына өтініш қабылдау басталды.

KMF компаниясы мен KMF-Демеу қорының ұйымдастыруымен өтетін KMF-тің іскер ханымдарына арналған байқауға қатысуға өтініштер қабылдап жатыр, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Өтінішті 20 шілдеге дейін сайт арқылы беруге болады – https://kmfiskerhanymy.kz/kz/premium2023/.

Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкер әйелдер қатыса алады. Ал Қазақстан мен Германия елдерінің өкілдерінен құрылған әділ қазылар алқасы үздіктердің үздігін анықтайды.

Биыл компания бес номинация жариялап отыр. Жеңімпаздар тұрмыстық техника сатып алуға арналған 500 000 теңгенің сертификатын алады.

Номинациялар:

– Агро-бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін;
– Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін;
– Әлеуметтік бизнес;
– ШОБ-ты дамытуға қосқан үлесі үшін;
– Әділ қазылардан арнайы сыйлық.

Сонымен қатар, KMF Isker Hanymy-2023 байқауының басты жеңімпазына1 миллион теңгенің сертификаты табысталады. Әділ қазылардан да қосымша номинациялар қарастырылған.

Салтанатты рәсімдеу шарасы қазан айында Алматы қаласында өтеді.

KMF Isker Hanymy – KMF пен KMF-Демеу жылда өткізетін байқау. Бұл шара бизнестегі әйелдерге өз жетістіктерін паш етіп, өзге іскер әйелдермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, KMF 25 жылдан бері әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау білдіріп келеді. Компания микро жәнешағынбизнестідамытуға және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған қолжетімді қаржыландыруды ұсынады. Компания өткен жылы 125 мың іскер әйелді қаржыландырған, олардың басым бөлігі – өңірлер мен ауылдық жердегі кәсіпкерлер. Жыл сайын KMF Isker Hanymy байқауына үш мыңға жуық әйел қатысады. Өткен жылы байқаудың қалай өткені туралы мына жерден оқуға болады.

Тапсырыс беруші: KMF компаниясы

Осы айдарда

Back to top button