ТОП

Ірі қараның 29 пайызы асылданды

Азамат Темірбеков

Биыл Тарбағатай ауданында қазақтың ақбас сиырын өсіруші шаруашылықтар саны бес бірлікке артты.

Бұл туралы өсімдіктер карантині жайлы ақпарат берген Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Қаныбек Жорғатаев хабарлады. Оның айтуынша, бүгінгі күні ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқан көрінеді.

– Мал тұқымын түрлендіру жұмыстары мен «Сыбаға» бағдарламасының жүргізілуі тұрақты түрде мониторингталып отырады. Бүгінгі күні аудан аумағындағы 982 шаруашылықта ұсталып отырған 91 783 ірі қара малдың 29,7 пайызы, яғни  27 290 басы асылдандыруға қатысқан. Сондай-ақ, биылғы жылы еліміздің қазақтың ақбас сиырын асыраушылар палатасына ауданымыз бойынша бес шаруашылық қосылды, – деді Қаныбек Жорғатаев.

Осылайша, Тарбағатайда қазақтың ақбас сиырын өсіріп отырған шаруашылықтар саны 25-ке жеткен. Бұдан бөлек, жыл басынан бері 130 шаруашылықтың тұқым түрлендіруге байланысты жүргізіп жатқан жұмыстары қашықтықтан тексерілген.

 

 

Осы айдарда

Back to top button