Қоғам

Ирандық технологиямен тротуар тақталар шығарады

Ирандық тәсілмен тротуар тақтаның түр-түрін өндіретін шағын кәсіпорын жұмыс істейді Серебрянка қаласында. Оның шығарған сапалы тақталары қазіргі күні шаһардың орталық алаңынан басталып, адам аяғы басатын біраз жерлерінде төселген.

2014 жылы іскер әйел Салтанат Сұңғатова «Шығыс монолит» жеке кәсіпкерлік құрып, темір-бетон бұйымдарының цехын ашты. Көктемнен күзге дейінгі аралықта ғана жұмыс істейтін кәсіпорынды аяқтан тұрғызу үшін Салтанат өзінің үш миллион теңге меншік қаражатына қосымша мемлекеттен үш миллион теңге грант пен тағы осынша көлемде субсидия алған. Бұл ақшаға сонау Ираннан темір-бетон бұйымдарын шығаратын қондырғылар мен резеңке қалыптар, өзге де құрал-жабдықтар әкелген. Серебрянка 167 мекен-жайында орналасқан жұпынылау ғимаратқа жөндеу жүргізіп, сол жерге қондырғыларды орнатқан. Ескілеу болса да жұмыс істеп тұрған жүк көлігі мен жүк тиегіш техника алған.

Қазір мұнда еуроқақпадан бастап, бордюрдің екі түрі, тротуар тақталардың жеті түрі, жол жиегіне төселетін бетон арықтар, бейіт тақталары, құралмалы бағаналар, шлакоблок пен пескоблок сияқты жиырмаға жуық темір-бетонды бұйым шығарылады. Сапалы тауарларға деген тұтынушылардың қызығушылығы да алғашқы жылдағыға қарағанда біраз артқан.

– Күніне 100 шаршы метр көлемге жететін тротуар тақталарды еркін шығаруға мүмкіндігіміз бар. Жұмысшыларымыз алғашқы кездегідей емес үйреніп қалды. Технологияны толық меңгерді. Ол жағынан проблема жоқ. Тек сатып алатындар табылса болды. Сұраныс қалай түседі, соған қарай шығарамыз, – дейді «Шығыс монолит» өкілі Ербол Сұңғатов.

Цехта барлығы алты адам еңбек етуде. Оның төртеуі жергілікті әкімдік арқылы әлеуметтік жұмыс орны бойынша қабылданса, екеуін кәсіпкер өзі жұмысқа алған. Ирандық технологияны шебер меңгеріп алған жастар шетел қондырғысының тиімді тұстарын құлшыныспен түсіндіріп берді. Олардың айтуынша, пластиктен жасалған баламасымен салыстырғанда резеңке қалыптардың артықшылығы қолдануға өте ыңғайлы екен, әрі құйылған тақталардың ішінде жарамсызы мүлдем болмайды. Сапасына жүз пайыз кепілдік береді. Сол секілді ирандық технология бойынша өндірілген тауарлардың көлемі мен пішінінде, салмағында, құрамында өзгешелік болмайды.

Айтпақшы, өндірісте қолданылатын шикізат та өзіміздікі. Мәселен, цемент Октябрь кентіндегі Бұқтырма цемент зауытынан тасымалданса, Өскемен мен Алматыдан басқа қоспалар жеткізіледі. Ал шлакоблокқа қажетті шлакты, яғни, жанған көмірдің қалдығын цехтың дәл іргесіндегі қаланың орталық жылу қазандығынан алады.

– Цехтың жұмыс қуаты мен сатылған өнімдердің көлемін салыстыруға келмейді. Өйткені, алушылар соншалық көп емес. Мәселен, былтыр сұранысқа қарай тротуар тақталарды көбірек шығарсақ, биыл шлакоблоктар мен пескоблоктарға тапсырыс артты. Әзірге жеке адамдардың, ішінара кәсіпорындардың тапсырысын қанағаттандырып отырмыз. Болашаққа жоспар көп. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы арқылы алдағы уақытта Серебрянкада ауқымды жобалар іске асса, біздің өнімдерге де сұраныс күшейетін шығар деген ойдамыз, – деді бізбен әңгіме барысында жеке кәсіпкер Салтанат Тұрдыбайқызы.
Естеріңізге сала кетсек, бес мыңнан астам адамды тұрақты еңбекпен қамтып келген Серебрянка бейорганикалық өнімдер зауыты банкротқа ұшырап, жұмысы қаңтарылып қалғалы бері қаланың әлеуметтік-экономикалық өсімі саябыр тауып, қарапайым жұртқа екі қолға бір күрек табу қиынға түскен-ді. Енді бүгін моноқалаларды дамыту бағдарламасы арқылы шаруасы шатқаяқтап кеткен шаһардың тамырына қайта қан жүгіріп, тынысы ашыла түсті. Бұл ретте әрине, Салтанат Сұңғатова секілді шағын және орта кәсіпкерліктің қазанын қайнатқан белсенді бизнесмендердің орны бөлек.

Серік Әбілхан
Зырян ауданы.

Осы айдарда

Back to top button