Қоғам

Iqanat жастарды қанаттандырады

Төрт бірдей білімді оқушы ауданның мерейін асырып, республикалық жарысқа жолдама алды

– Ауданымыз үшін тағы бір қуанышты жаңалық бар. Е.Рыков, С.Ластаев, Көкбастау, Малонарым орта мектептерінде оқитын 9-сыныптың төрт оқушысы – Д.Дәулетқанова, Е.Бейсембинова,  А.Баталова  және  С.Боранбайұлы жақында өткен  республикалық  «Iqanat»  олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанып,   биыл 7-11 мамыр аралығында  Қапшағай қаласында  өтетін   олимпиаданың республикалық кезеңіне  жолдама  алды. Шәкірттер мен ұстаздарын  жеткен жетістіктерімен  құттықтаймыз! Олардың бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенеміз, – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Ғалия Көшенова.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button