Экономика

Инвестициялық жобалар жетерлік

Инвестициялық жобалар жетерлікАймақтың Индустрияландыру картасындағы 634 миллиард теңгені құрайтын 43 жобаның 29-ы жүзеге асырылып бітті.

Биыл облыста Индустрияландыру картасы бойынша «Айтас» ШК» ЖШС-нің шұжық өндірісін, «Посук Титаниум» ЖШС-нің титан слябтарын өндіру зауытын, «Бентонит и К» ЖШС-нің бентонит балшықтарынан бентонит кеуектерін өндіру өндірістерін іске қосып, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы зауытының өндірісін қайта жарақтандыру жоспарланып отыр. Төрт жобаға 15,4 млрд. теңге қаржы жұмсалмақ.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен қатар өңірде мемлекет және жекеменшік серіктестік негізінде де қолға алынып отырған бастамалар бар.

Былтыр Өскеменде көпсалалы аурухана, Семейде балалар ауруханасын, балабақшалар салу жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау жұмыстары басталды. Алдағы уақытта «Зырян – Майқапшағай» теміржол желісінің техникалық-экономикалық құжаттары әзірленбек.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button