Сайлау-2022

Инватакси қызмет көрсетеді

Облыс аумағындағы барлық сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқығы толық қамтамасыз етілген.

Бүгінде облыста барлығы 537 сайлау учаскесі болса, оның 505-і азаматтарды тіркеу орны бойынша, ал 32-сі уақытша болу орындарында құрылған. Бұдан бөлек, өңірде мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың да дауыс беруіне бағытталған жұмыстар қатар жүргізілуде. Ол үшін, «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында 522 сайлау учаскесі жарияланған.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының таратқан ақпараты бойынша, қазіргі уақытта өңірде дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды талап ететін сайлаушылар саны – 2186 адам. Оның ішінде 718-і кресло-арбаларды талап ететіндер болса, 828-і көру қабілеті нашар, ал 238-і есту қабілеті нашар адамдар.

Бүгінде өңірімізде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар дауыс беретін 284 сайлау учаскесі анықталды. Негізінен ерекше қажеттіліктері бар сайлаушылар Өскемен, Риддер және Алтай қалаларында шоғырланған.

Сонымен қатар 533 учаске бірінші қабатта орналасқан, 469 учаске пандуспен, 429 учаске, яғни 85 пайызы түрлі тактильді көрсеткіштермен жабдықталған.

Оған қоса 475 учаскеде тірек-қимыл аппараты қызметі бұзылған сайлаушылардың, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қолжетімділігін ескере отырып жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жасалатын болады. 413 учаскеде мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыштар жабдықталады.

Дауыс беру күні ерекше қажеттіліктері бар азаматтар тұратын 13 елді мекенде 24 инватакси қызметі ұйымдастырылып, есту қабілеті нашар азаматтары көп 113 учаскеге сурдоаудармашыларды тарту жоспарланған.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button