Қоғам

Интерактивті картамен бақыланады

Аймақтар арасында Шығыс Қазақстан бірінші болып қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын іске қосты.Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы өңір тұрғындарына бюджет қаражатын жұмсауға қатысты маңызды мәліметтерді түсінікті тілде алуға мүмкіндік беретінін, осылай қоғамдық бақылаудың тиімді механизмін жасайтынын айтады.

– Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД елдері арасындағыбұлерекше жоба қоғамдық ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетуге, мемлекеттік билікке сенімді арттыруға, сонымен қатар билік пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасының тиімді диалогтық тұғырнамасын құруға бағытталған. Карта тасымалдаушылар, құрылыс мерзімі мен бөлінген қаражат, кепілдік міндеттемелер мен құрылыстың егжей-тегжейі туралы ақпараттарға жол ашады. Келтірілген процестерді кез келген ниет білдірушіге 24 сағат бойы бақылауына,құжаттамалармен салыстыруына, егер айырмашылық байқаса, өкілетті органға хабарлауына болады, фото- және бейнематериалдарды бірге салу керек, – деді Жігер Байділдин.

Сонымен қатар ресурс жұмсалатын қаржыны автоматты түрде талдап, осыған ұқсас басқа нысандармен салыстырады. Шығындар тым көп немесеаз болған жағдайда жүйе қатерлі зоналарды көрсетіп, қоғамдық бақылауды автоматтандырады.

Келешекте жоба азаматтарға бюджеттік шығындарды тек бақылап қана қоймай, нақты бағыттарға қаржыны бөлуге қатысты ұсыныстарын айтуға мүмкіндік береді.

–Қазіртұғырнама жетілдіріліп жатыр. Алайда әлден оның жетістіктері аталып өтілді. Жобаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен ашық қарым-қатынас  саласындағы Қазақстанның бренд-жобасы деп атады. 2018 жылдың қараша айында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Рим мен Венадағы халықаралық алаңдарында жоғары бағаға ие болды, ал 2018 жылдың желтоқсан айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саладағы үздік ІТ-жоба» номинациясында жеңімпаз атанды, – деп толықтырды Жігер Байділдин.

Интерактивті карта publicbudget.k.z мекенжайында орналасқан. Алдағы уақытта пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін олардың тұрған жерін автоматты түрде анықтайтын мобильді қосымша жасап шығару жоспарда бар. Нысанға жақындаған кезде пайдаланушы нысан мен оған бөлінген қаржы туралы ақпарат жазылған  push-хабарлама алады, кері байланыс орнату мүмкіндігі де қарастырылуда.Бұл бірегей жобаны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Парламентаризмді дамыту қоры бірлесе жүзеге асырып отыр.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button