Қоғам

Індет жұқтырған оқушылар көп пе?

Жыл көлемінде қашықтан білім алып келген оқушылар жаңа оқу жылын асыға күтті. Себебі компьютердің аржағынан білім алу мен мектепке барудың арасы жер мен көктей. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл дәстүрлі білім беру жүйесіне көшеміз деді. Алайда індет өршіп кетсе мектептер тағы да қаңырап бос қалады. Осы тұста ем алып жатқан оқушылар көп пе, деген заңды сұрақ туады. Ендеше жауап берелік.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің берген мәліметіне сенсек, оқу жылы басталғалы 217 бала індет жұқтырып үлгерген. Екі апта ішінде 118 бала (54,4%) демалыс кезінде ауырған, қалған 99 бала (45,6%) оффлайн режимде оқып жүріп ауырған.

–        Қазірге дейін 59 мектепте 103 сынып қашықтан білім алуға көшті. Әзірше карантинге жабылған мектеп жоқ, – дейді департаменттің баспасөз хатшысы.

Осы орайда ата-аналардың құлағына алтын сырға, балаларыңыздың санитарлық талаптарды сақтауын қадағалаңыз.

Осы айдарда

Back to top button