Қоғам
Індет жұқтырған жеті адам көз жұмды

Өткен тәулікте еліміздің 35 тұрғыны коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған. Айта кетейік, коронавирус пневмониясынан 7 адам қайтыс болды. 78 адам вирустан жазылып кетті. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап, барлығы 77995 адам коронавирус пневмониясымен ауырды. Оның ішінде, 4962 адам қайтыс болып, 66483 дерттен құлан таза айықты.