Қоғам

«ИИН» алу – азаматтық алу емес

Ресейліктердің елімізге көптеп келуіне байланысты бізге оқырмандар тарапынан «Жеке сәйкестендіру нөмірін алу мен азаматтық алудың айырмашылығы қандай?» деген сұрақ жиі қойылып жүр.

Ел арасында көбінесе «ИИН» аталатын жеке сәйкестендіру нөмірі – Қазақстан азаматтарына туған кезде берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей сандар комбинациясы.

– Жалпы, кез келген шет мемлекет азаматы ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін және қаржылық операцияларды орындау үшін ала алады. Шетелдік азаматтар ЖСН алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі тиіс. ЖСН алу мен азаматтық алу екеуі – мүлдем екі бөлек қызмет, – деп түсіндіреді «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Ал Қазақстан азаматтығын еліміздің аумағында кемі бес жыл тұрақты тұратын адамдар, елімізде кемі үш жыл тұратын Қазақстан азаматымен некеге тұрған адамдар, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұратын жақын туысы бар адамдар ғана ала алады.

Атап өтерлігі, азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу құқығы тек Қазақстан аумағында тұрақты тұратын қандастарға және Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын ұлты қазақ адамдарға ғана берілген.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button