ХАТТАРҒА ЖАУАП МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

1997 жылы тәуелсіз еліміздің «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы қабылданып, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi» деп бекітілген. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Мемлекеттiк тiл – Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады делінген. Жоғарыда айтылған Заңның 13-бабында, Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылатындығы айтылған. Осыған орай бүгінгі күнде Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығыс хаттар мен ішкі құжат айналымы, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түсетін хаттар мемлекеттік тілде рәсімделуде. Ал жеке тұлғалардан келіп түсетін хаттарға келіп түскен тілде және міндетті түрде мемлекеттік тілде жауап қайтарылады.
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты