Қоғам

Халықтың сенімі қанаттандырады

Халықтың сенімі қанаттандырады

Облыстық мәслихатқа депутат болып Шығыс Қазақстанның бірінші сайлау округінен өңіріміздегі жетекші офтальмологтардың бірі – Зарина Камасова сайланды. Ол халық қалаулысы ретінде қандай мақсаттарға қол жеткізуге ниетті екенін айтып берді. Сайлауда жеңген «Нұр Отан» партиясының құрметіне Өскеменде өткен форумнан соң бізге одан сұхбат алудың сәті түскен-ді.
Зарина Камасова шамамен 20 жыл Өскеменде жұмыс істейді және оған Жібек маталар комбинаты ықшамауданы, Күленов, Үлбі және Жыланды кенттері енетін сайлау округінің мәселелері жақсы таныс. Сайлауға дейінгі бір айда ол тұрғындармен шамамен 80 кездесу өткізді, ол жиындарға алты мыңдай адам қатысқан.
– Өзімнің сайлауалды бағдарламамды дайындамас бұрын біз пәтер иелері кооперативтері мен жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерін аралап шықтық, осылайша мәселелер тізімін тағы бір мәрте белгіледік және орындауға болатын тармақтарды ғана енгізуді шештік, – деді Зарина Камасова. – Сондықтан маған тұрғындармен тілдескен оңай болды. Менің ойымша, сайлаудың мұндай қорытындысы – біз атқарып шыққан ауқымды жұмыстың лайықты қорытындысы.
Өзінің бағдарламасында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат екі негізгі басымдықты белгілепті: қаладағы Ертістің сол жақ жағалауы ықшамауданында жаңа емхананы және Күленов атындағы кентте балалар бақшасын ашу. Ол осы жобаларды іске асыруға ықпал ету қолынан келетін шаруа екеніне сенімді. Сондай-ақ, оның жұмысының нәтижелі екеніне қала тұрғындарының күн санап артып келетін оң бағалары сөзсіз дәлел бола алады.
– Маған сенім білдірген, мен үшін өз дауыстарын берген тұрғындарға ризашылығымды білдіремін, – дейді Зарина Камасова. – Сайлау алдындағы тұрғындармен болған бір кездесуде маған аға ұрпақ өкілдері өз баталарын берді. Сол игі тілектер мені қанаттандырды. Егер өмірлік тәжірибесі көп адамдар маған сеніп жатса, жеңіске жете аламын деп ойладым.
Депутат Зарина Камасова тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға ниетті. Ол жолаушы тасымалы жүйесін біріздендіру, аулаларды, көлік тұрақтарын, ойын алаңдарын абаттандыру және Үлбі кентінде магистральді желілерді салу бойынша жұмыс істеуді көздеп отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button