Сайлау-2022

Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі

Ақжар ауылындағы N905-сайлау учаскесіне отбасымен барып дауыс берген Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейдің жоғары санатты география пәні мұғалімі Өмірхан Қанағатов осылай дейді.

– Президент -латын тілінде praesidens-басшы, республикалық басқару формасындағы елдердегі ең жоғары лауазым иесі. Сонымен қатар, азаматтарының құқығы мен бостандығының, Конституциясы мен заңдардың сақталуына кепіл болады. Жоғары лауазым иесін тікелей халық дауысымен сайлау демократияның ең жоғарғы белгісі деп білемін. Сол үшін де осы саяси шараға отбасымызбен барып қатыстық. Сайлау жақсы өтуде, жүйелі ұйымдастырылған. Жәрмеңке де болды. Отбасыммен сағат 9-дар шамасында бардым, кісі қарасы мол, бәрінің көңіл-күйі көтеріңкі. Азаматтардың жеке бас куәліктерімен тізімнен қаралып, дауыс беруі қадағаланып тұр. Заңға қайшы әрекеттер байқалмайды. Бақылаушылар да, сенімді өкілдер де өз жұмысын сәйкесінше атқаруда. Елдің, аудан тұрғындарының келешектен үміт күтіп, саяси науқанға зор ықылас танытқанын атап айтуға болады. Саяси-экономикалық, әлеуметтік салада оң өзгерістер болып, жаңғыртулар жалғасын табады деген сенімдеміз,-деді Өмірхан Қанағатов.

Ерлан Бапанов

Тарбағатай ауданы

Осы айдарда

Back to top button