Қоғам

Халық қалауы ескеріледі

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы сайлаушылармен кездесулерді Абай облысынан бастап, Ұлытауда жалғады.

Облыс жұртымен кездесуде штаб мүшелері Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелерді талқылады.

– Президент саясаты мемлекет мүддесін, ел Тәуелсіздігін қорғауды көздейді. Халық қалауы да – осы! – деді республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Бөкейханов университетіндегі жиында штаб мүшелері сайлауалды бағдарламадағы жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүзеге асатынын атап өтті. Сондай-ақ «Семей Цемент» АҚ ұжымына сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

Штабтың сайлаушылармен кездесуі Ұлытауда жалғасты.  Онда «Ulytau nan» ЖШС еңбеккерлеріне кандидаттың бизнесті, кәсіподақтарды қолдау жөніндегі сайлауалды бастамаларын түсіндірді. «Kazakhmys Smelting» ЖШС-де металлургтермен сайлауалды бағдарламада көрсетілген өндірісте еңбек құқығын қорғау, өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту мәселелерін талқылады.

Осы айдарда

Back to top button