Халықаралық байқаудың лауреаттары атанды
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың музыкалық білім беру кафедрасындағы хор мамандығының студенттері Мәскеуде өткен «Души прекрасные порывы» атты XVIII халықаралық интернет байқауында хормен ән салу номинациясы бойынша І дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды.
Аталмыш байқауға Қазақстан мен Ресейдің жастары қатысыпты. Мұнда қатысушылар «Хормен ән салу», «Академиялық және эстрадалық вокал», «Халықтық вокал», «Инструменталды жанр», «Көркемсөз оқу. Театр», «Хореография. Сән театры. Оригиналды жанр» атты алты номинация бойынша өзара бақ сынасты. ШҚМУ-дың музыкалық білім беру кафедрасындағы хор мамандығы студенттерінің жетекшісі Альмира Дузкенованың айтуынша, шағын видеосюжет ретінде тїсіріліп, кейін байқауға жіберілген материалдың концертмейстері – Галина Климова екен.
– Біздің студенттер аталған конкурсқа қатысу арқылы жылдар бойы игерген теориялық білімдерін өз тәжірибелерімен ұштастыра білді деп ойлаймын. Халықаралық байқауға қатысу їшін шәкірттеріміз Мұқан Төлебаевтың «Тоғай арасында» әні мен К.Симоновтың «Жди меня» әндерін орындады. Ең алдымен олардың жїлделі орыннан көрінуіне есту қабілеті мен хорда жеңіл дыбыстай білуінің маңызы зор болды деп ойлаймын, – дейді Альмира Дузкенова.
«Души прекрасные порывы» атты XVIII халықаралық интернет байқауында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі – Сергей Бутушин, Мало Бронно атындағы Мәскеу драма театрының әртісі әрі режиссері – Олег Ларченко, М.Шолохов атындағы Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық университетінің музыкалық аспаптар кафедрасының доценті – Евгений Гутман қазылық етіпті.
Ажар Сағатбекова