Қоғам

Хакасия парламентінің төрағасы кешірім сұрады

Хакасия парламентінің төрағасы кешірім сұрады

Ресей Федерациясы Хакасия парламентінің төрағасы Қазақстан халқы тарапынан түсініспеушілік туғызған өзінің сөздеріне қатысты кешірім сұрады.
Хакасия парламентінің төрағасы Владимир Штыгашев оның жергілікті басылымда жарияланған Қазақстан туралы сөздерінде ешқандай саяси астар болмағандығын мәлімдеді.
– Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары таратқан менің бірқатар пікірлерім екіұшты түсінік қалыптастырғанына өкініш білдіремін. Ресей империясының, кейін КСРО-ның шекарасы қалай өзгергендігі туралы тарихи тұрғыдағы ой-пікірлерім осындай оғаш қабылданғанына қатты таңғаламын, – деді Штыгашев.
«Ешбір мемлекетке, соның ішінде Қазақстанға тарихи құқық пен аумақтық наразылық туралы ешқашан айтқан емеспін. Олар біздің көрші, біздің досымыз және әріптесіміз. Менің сөздерім ел арасында түсініксіздік туғызып, бауырлас халқымыздың көңіліне қаяу түсіргені мені қатты қынжылтады. Егер мен өзімнің сөздеріммен біреуді лажсыз ренжітсем, шын көңіліммен кешірім сұраймын», – деп қосты ол.

Қазақпарат

Осы айдарда

Back to top button