Жаңалықтар

Гвинеяда Эбола эпидемиясы басталды

Гвинеяның Денсаулық сақтау министрлігі елдің оңтүстік-батысындағы Гуэк субпрефектурасында Эбола эпидемиясының басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Биліктегілер берген мәліметке сенсек, елде Эболадан төрт адам қайтыс болғаннан кейін тиісті шаралар қабылданған.

“Осы жағдайды ескере отырып және Халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес, Гвинея үкіметі Гуэк субпрефектурасында, Нзерекор префектурасында Эбола вирусының эпидемиясы туралы хабарлайды”, – делінген ел премьер-министрінің Twitter-дегі мәлімдемесінде.

 

Осы айдарда

Back to top button