ӨнерТОП

«Грэмми» сыйлығын алған тұңғыш қазақ

Бүкіл әлемге «Иманбек ремикс» деген атпен танылған 20 жастағы павлодарлық әуесқой музыкант Иманбек Зейкенов әлемнің басты жүлдесі – «Грэмми – 2021» сыйлығын жеңіп алды. Марапаттау онлайн тәртіпте болды.

«Грэмми сыйлығын алу – музыкант карьерасындағы ең тамаша жетістік. Ал біз бұған қол жеткіздік!» – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Иманбекке «үздік ремикс» сыйлығы әнші Saint Jhn-ның «Roses» әнін өңдегені үшін берілді. Бұл ремикс әлеуметтік желі арқылы ТМД елдерін шарлап, кейіннен Еуропа, Америкаға танылған. Shazam қосымшасында әлемдік рейтингте бірінші орында, ал америкалық Billboard тізімінде үздік 25-тің ішіне енді.

Жас жігіт былтыр осы аталған сыйлыққа ұсынылған кезде Павлодар облысы Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеп жүрген. Бүгінде бірыңғай шығармашылыққа бет бұрған. Өзінің музыкалық менеджері бар. Дегенмен әлі де Ақсуда тұрады.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button