Қоғам

ГРАНТ БӨЛУДЕГІ ЗАҢСЫЗДЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

      Облыс прокуратурасы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында бюджеттік гранттар ұсыну кезінде туындап отырған кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін қарады.

Жыл басынан бері облыс прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңдылықтарына қатысты  30-дан астам бизнесті заңсыз тексеру шараларын анықтап, бес мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғаған.

Облыс прокуроры Алмат  Байшолақовтың төрағалығымен өткен сарапшылық кеңестің кезекті отырысына  кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлік басқармасының,  еңбек инспекциясы басқармасының, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының, бизнес-қауымдастықтар өкілдері қатысты.

Уәкілетті органның жұмысында 2020-2021 жылдары гранттарды бөлу кезінде заң бұзушылықтар мен кемшіліктер: шарттарды уақтылы жасамау, гранттар сомасының азаюы, конкурсқа өтінімдерді қабылдамау сияқты жайттар анықталған.    Аталмыш мәселелерді талдау және талқылау нәтижелері қорытындысы бойынша   кеңеске қатысушылар айтылған проблемалар мен жағдайды түзету үшін Бас прокуратура мен салалық министрліктерге бірқатар ұсыныстар жолдамақ.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button