ТОП
Глубокое ауданында NEW әкім
ШҚО әкімі Глубокое ауданына жаңа әкімін таныстырды.
Глубокое ауданының әкімі болып Эльдар Лұқбекұлы Тумашинов тағайындалды.
– Жасы 34-те болғанымен, басқару саласында жұмыс тәжірибесі өте жоғары. Соңғы уақытта «Ертіс» ӘКК басқарды. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттейтін, шағын және орта бизнеске қолдау білдіретін көп салалы мекеме екені белгілі. Аталмыш жұмыс тәжірибесі Глубокое ауданын басқаруда өте қажет деп санаймын. Ауданның аграрлық әлеуеті де өте жоғары, келесі жылы қуаттылығы жылына 300 мың тонна болатын май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталатын болады. Бұл ауданның агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, – деп жазды Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар аймақ басшысы жаңа аудан әкімінің алдында ауданды абаттандыру, жол жөндеу, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар құрылысын одан әрі жалғастыру міндеті тұрғанын да айтып өтті.