Ғылыми кітаптар сыйлады
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкері, тегі таскескендік Мадияр Арыстанбаев жуырда жерлестеріне өлшеусіз сый жасады.
Ол Тіл білімі институты ғалымдарының еңбектерін «Үржар колледжі» студенттеріне сыйға тартты.
– Мұндай игілікті қадамды жүрегінде туған жеріне деген маздаған оты бар адам ғана жасай алады, – дейді «Үржар колледжі» оқу орнының директоры Қанағат Чарахметов. – Мадияр бауырымыз ең алғашқы еңбек жолын осы оқу орнынан бастағандықтан бізге де ыстық. Жалпы, туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрінің дамуына айрықша ат салысу – шынайы патриотизмнің белгісі. Негізі, «елім, жерім» деп мақтану бір бөлек те, кіндік қаның тамған өлкеге деген сүйіспеншілікті іспен дәлелдесең, бұл бір бөлек. «Туған жерге туыңды тік» демекші, Мадияр Қазыбекұлының бұл қадамына ерекше риза болғанымызды жасыра алмаймыз. Колледж ұжымы атынан оған өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз.
Берікхан Тайжігіт
Үржар ауданы.