Өткен ғасырдағы атом реакторларындағы жарылыстардан қалған үрей халық арасында радиофобия тудырды. Олардың қатарында АҚШ-та 50-ші жылдары болған апат және өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы Чернобыль трагедиясы бар, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.
Ядролық физик ғалым, ғылым докторы ғалым Манарбек Қылышқанов заманауи технологиялар атом реакторларын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететініне сенімді.
Бүкіл әлем көмірмен жылыту жүйесінен бас тартуда. Халықаралық институттар көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібіне байланысты көмір электр станцияларының құрылысын қаржыландыруды тоқтатты. Балама нұсқа газ болуы мүмкін, бірақ газ қоры да елімізде шектеулі. Болашақта жасыл энергетика мүмкіндіктерін пайдаланылады. Бірақ күн мен жел энергиясына ғана сенім арту дұрыс емес. Елімізге тұрақты қуат көзі қажет.
Мамандар уран қоры мен оны елде бейбіт мақсатта пайдалану үшін негізгі құзыреттер жеткілікті екендігін айтады.
Профессор автокөлік пен ұшақты мысалға келтіре отырып, атом мен көмір станцияларының айырмашылығын түсіндірді.
Осы орайда айта кетейік, Энергетика министрлігі ақпараты бойынша елдегі станциялардың 70%-ы тозған. Бұл ретте электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсуі 3%-ға тең. Мамандардың айтуынша, АЭС – экономикалық өсу, ғылым мен білім беруді дамыту драйвері. Негізгі артықшылықтардың ішінде қоршаған ортаға зиянды әсердің болмауы, парниктік газдар шығарындыларының жылына 10 млн тоннаға дейін төмендеуі.