Қоғам

Газетке жазылуға шақырды

Газетке жазылуға шақырды

Өскемендегі «Fresh market» фермерлік гастрономында облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және «Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерзімді басылымдарға жазылу науқанына орай флеш моб өтті.

Газетке жазылуға шақырды

Аталмыш іс-шараға облыстық «Дидар», «Рудный Алтай», тағы басқа да жергілікті газеттердің өкілдері қатысты. Акция аясында фермерлік гастрономға келушілерге кітаптар мен газеттер тегін таратылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Газетке жазылуға шақырды

Пошташылар мен кітапханашылар көңілді де қызықты ойындар ұйымдастырып, осы күні осы жерде газетке жазылған тұрғындарға кәдесыйлар ұсынды.
– «Дидар» газетін үзбей оқып жүремін. Бұл басылымда өңірдегі соңғы жаңалықтар, танымдық, тарихи, рухани мақалалар өте көп. Сонымен қатар, «Сұрақ-жауап» айдары арқылы көптеген оқырмандар өз сұрақтарына жауап ала алады, – дейді «Fresh market» фермерлік гастрономының сатушысы Гаухар Орынбекова.

Газетке жазылуға шақырды

Көңілді концерттік бағдарламалар барысында 2015 жылға газетке жазылғандар көп болды. Келушілер тегін таратылған кітаптардың ішінен таңдағандарын алды. Акция соңында «Қазпошта» АҚ жазылу бөлімінің басшысы Елена Лопаткина облыстағы мерзімді басылымдарға «Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшелерінде жазылуға болатынын айтып, жиналған қауымды «Дидар», «Рудный Алтай», тағы басқа да жергілікті газеттерге жазылуға шақырды.

Газетке жазылуға шақырды

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button