Қоғам

ЕЗУТАРТАР

Емтихан жүріп жатыр. Студент үстел үстіндегі билеттің бірін суырып алып, қайтадан орнына қоя салады. Оқытушы таңғалып:

– Неге билетті қайтадан қоя салдың, қанеки, қайтадан ал, қай билет?!

– Бұл 13-ші билет екен, ырымға қатты сенемін!

– Сандырақ, қанеки, ал билетті!

Оқытушы билеттердің ішінен 13-ші билетті өзі тауып алып, студенттің қолына ұстатады. Бірақ студент 13-ші билетке «беске» жауап береді. Дәлізде оны қоршап алған курстастары:

– Барлық сұраққа жауап бердім дейсің бе, жарайсың. Бұл жолы қатты дайындалыпсың!

Жоқ, 13-ші билетті ғана білетінмін.

***

– Өскенде кім болғың келеді, Жанқош?

– «Оңбаған» болғым келеді.

– Қой, қайдағыны айтпа.

– Елдің бәрі айтады ғой:  «Коттеджін қара оңбағанның, қандай керемет!  Әйелін қарашы оңбағанның, қандай ақылды! Машинасын қара, қандай су жаңа, оңбаған» деп. Мен де сондай «оңбаған»  болғым келеді.

***

Әйелі күйеуіне:

– Маған жылы сөз айтшы…

– Қояным…

– Осы-ақ па, аз ғой.

– Бір топ қояным!

***

Биология сабағы.

– Бәлембаев, маған екі жабайы аңды аташы.

– Арыстан және… ұмытып қалдым.– Білмейсің, отыр, екі.

– Түгленбаева, маған үш жабайы аңды ата.

– Арыстан, жолбарыс, м-м-м.

– Отыр, екі.

Үшінші оқушыға:

– Ал енді сен ата бес жабайы аңды!

– Екі арыстан, үш жолбарыс, апай!

 ***

– Мама, тіс пастасының ішінде қанша паста бар?

– Білмеймін, балам.

– Мен білемін, ваннадан менің бөлмемдегі төсекке дейін, сосын қонақ бөлмедегі үстелді айналып отырып, ас үйге барғанға дейін жететін паста бар.

***

Апасы бір жасар немересіне:

– Әне, қарашы, «би-бип» келе жатыр.

– Жо-о-оқ, апа-а, ол  джи-и-п «Ланд крузер»

***

– Білесің бе, шаштың түріне қарап жігіттің мінезін білуге болады.

– Қалай?

– Шашы жұмсақ болса, мінезі жұмсақтау келеді, қатты болса, құрысын, өте қиын, айтқанын орындатқызбай қоймайды…

– Шашы түсіп қалған қасқабас, тақыр бас болса ше?

– Оларды түсіну оңай емес, қырық құбылған  жылтыр…

 

Осы айдарда

Back to top button