Қоғам

Езутартар

– Қымбатты досым, сенің қайғыңа алдын ала ортақтасуыма рұқсат ет…

– Не болды, түк түсінсем бұйырмасын!

– Кеше менің әйелім құндыз тон сатып алды.

– Сатып алса ше!

– Мәселе сонда ғой! Ертең сенің әйеліңе барады ол.

 

* * *

Күйеуі мен әйелі көліктерін «СТО»-ға әрең итеріп әкеледі.

Күйеуі әйеліне:

– Бізге машинасын сатқан әлгі жігіт бір нәрсені дұрыс айтыпты.

– Нені дұрыс айтыпты?

– Бұл машинаның жанармайды «почти» жемейтінін…

* * *

– Сәуле, неге памперс сатып алып жатырсың, сенің балаң жоқ қой?

– Маған машина жүргізуді үйретіп жүрген инструкторым менің машина жүргізгенімнен қатты қорқып…  шаршады, енді памперс сатып алып келуімді өтінді!

* * *

– Сіздің екі егіз ұлыңыз бар, олардың екі жақтап шулағанынан шаршаған жоқсыз ба?

– Жоқ, біреуі шулағанда екіншісінікі естілмей қалады.

* * *

– Доктор, мен соңғы кезде қатты күйгелек болып кеттім.

– Ал сіз ақырындап онға дейін санап көрдіңіз бе?

– Бір, екі, үш… ой, әкеңді…

*******

– Доллар қымбаттап барады, миллион доллар тауып алсаңыз, не істер едіңіз?

– Ештеңе.

– Қалай ештеңе?

– Ештеңе істемеймін, не үшін істеймін, долларым бар емес пе?

* * *

Екі еврей қонаққа келіп тұрып, біреуі үйдің есігін аяғымен тоқылдатады.

– Изя, сен неге аяғыңмен тоқылдатып тұрсың?

– Қолдары сыйлықтан бос емес екен деп қалсын.

* * *

Осы айдарда

Back to top button