Әйелдер құқығы маңызды
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен және заңгерлермен кездесіп, басшылық қызметтегі әйелдердің құзыреттілігі төмен екенін айтты.
– Елде әйелдер көп, олардың арасында білімдісі де көп. Бірақ басшылық қызметтерде теңгерімсіздік бар. Мысалы, қазір облыс не республикалық маңызы бар қаланың әкімдері ішінде бірде-бір әйел жоқ. Тек екі әйел министр бар. Парламенттегі әйелдер үлесі үштен біріне де жетпейді, – деді ол.
Сондай-ақ спикер партиялық тізімдерге әйелдер мен жастардың кем дегенде 30 пайызы кіруі керек деген квота туралы да айтты.
– Бүгінде заңнамада әйелдер құқығын шектейтін белгілі бір 30%-дық квоталар қарастырылған. Мен бұл квоталармен мүлде келіспеймін. Басқа ешбір елде мұндай нәрсе іс жүзінде істеліп жатқан жоқ. Бұл 30%-дық норма болатындай қандай да бір өнім емес қой. Әйел де ер азаматтар істейтін барлық лауазымдарда қызмет етуі керек. Егер бізде халықтың 52 пайызы әйелдер болса, мемлекеттік сектордағы, кез келген саладағы әйелдердің үлесі кем дегенде 50 пайыз болуы тиіс. Мен өз бағдарламамда гендерлік теңдік туралы да айтып жүрмін, – дейді С.Тұрсынбекова.