Сайлау-2022

Exit poll нәтижесі жарияланды

Кезектен тыс өткен ҚР Президенті сайлауының Exit poll нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды didar-gazeti.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«31» телеарнаның тапсырысымен «СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ сайлауда Exit poll жүргізді.

Сонымен нәтиже мынадай:

Қарақат Әбден – 2,84%;

Нұрлан Әуесбаев – 2,38%;

Жигули Дайрабаев – 3,68%;

Мейрам Қажыкен – 2,62%;

Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%;

Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %;

Бәріне қарсымын – 4,22%.

«Қазақстан президентін сайлау нәтижесінің мониторингі exit-poll әдістемесі бойынша жүзеге асырылды. Барлық аймақ бойынша 379 сайлау учаскесінде 482 мың дауыс берушіден пікір алынды», – деді Әлібек Түймебаев онлайн-телемарафон барысында.

Бұған дейін «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу институты жүргізген Еxit poll нәтижесі белгілі болды.

Еске сала кетсек, Орталық сайлау комиссиясы хабардар еткендей, сайлауға қатысты бірнеше ұйым қоғамдық сауалнама жүргізу құқығына ие болды.

Сондай-ақ, сайлауда еліміздегі бүкіл дауыс берушілердің 69 пайызы таңдауын жасады.

Осы айдарда

Back to top button