Қоғам

Этномәдени бірлестіктердің форумы

 Этномәдени бірлестіктердің форумы


Қазақ-Американ еркін университеті базасындағы Өскемен экономика және қаржы колледжінде өңірдегі барлық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Біздің таңдауымыз бірлік пен келісім» форумы өтті.
Атап өтерлігі, бірыңғай жалпыреспубликалық электоралдық акция елімізде бір күнде, бір мезетте ұйымдастырылды.
– Біз бүгін бұл жерге 2019 жылдың 9 маусымында өтетін, еліміздің болашағы үшін тарихи маңызы зор саяси науқанды қолдау үшін арнайы жиналып отырмыз. Қазақстан Президентін сайлауына әр азамат үлкен жауапкершілікпен қарап, өзіне артылған сенімді ұғынулары тиіс, – дейді Өскемен қалалық жастар мәслихатының депутаты, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының аймақтық штабының төрағасы Равиль Юнусов.
Акция барысында еліміздегі ұлтаралық бірлік пен тұрақтылықтың біздің қоғамдағы алатын орны және сайлауалды науқан кезіндегі тұрғындардың жауапкершілігі жайында Өскемен қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиев, Глубокое ауданындағы әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мариф Фараджев, «Шығыс Қазақстан корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Юлия Кунст, облыстық славян мәдени қоғамының төрағасы Александр Яковлев және Алтай ауданындағы «Надия» украин этномәдени бірлестігінің өкілі Илья Анищенко нақты мысалдармен жан-жақты айтып өтті.
Өскемен қаласында өткен акцияға Өскемен, Риддер қалаларының, Глубокое, Ұлан, Шемонайха, Катонқарағай, Алтай аудандарының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысса, Семей қаласында ұйымдастырылған форумға өңірдің Семей, Курчатов қалаларынан, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма аудандарынан ЭМБ өкілдері жиналды.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button