Қоғам

Ескі ғимарат қалпына келтіріледі

Азамат Темірбеков

Алтай ауданының Полянское ауылында тауарлы-сүт фермасы кеңейтіліп, ескі балабақша ғимараты тұрғын үй болып қайта жаңартылады.

Бұл туралы аудан әкімі Қалиқан Байғонысовтың аталмыш ауылға жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.  Полянское ауылындағы тауарлы-сүт фермасының құрылысы биыл басталған болатын. Қазіргі уақытта бұзауларға арналған үш ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Екі ғимарат оқшауланып, шатыры жабылды. Үшінші ғимараттың шатырын жабу жұмыстары басталып, мал бордақылау ғимараты қалпына келтірілді.

Жалпы, «Мойылды-Байқоңыр» кәсіпорнының тауарлы-сүт фермасының іске қосылуы мұндағы сүт өндірісін жылына 6500 тоннаға арттырып, 50-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашады.

Бұдан бөлек, аталған ауылда бұрынғы балабақша ғимараты тұрғын үй болып қайта жөнделмек. Қазіргі уақытта шатырды жабу, іргетасын беріктендіру және электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, келер жылы 10 пәтер жоғарыда айтылған шаруашылықтың жұмысшыларына табысталмақ.

 

Осы айдарда

Back to top button