Ескі 1000 теңгені айырбастап үлгеріңіз

Қалтаңызда 2006 жылғы 1000 теңгелік банкноттарыңыз болса, 3 наурызға дейін айырбастап үлгеріңіз. Себебі ҚР Ұлттық Банкі банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады деп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі мәлімдейді.
Естеріңізде болса, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталған болатын. Наурыздың 3-нен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады. Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылады. Филиалдардың мекен-жайы мен байланыс телефондары Ұлттық Банктің сайтында көрсетілген. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ұлттық Банктің 1477 нөмірі бойынша Байланыс-орталығына хабарласыңыз.
Балауса Мэлсқызы