Қоғам

Ескерту жасалды

Дәурен Аллабергенұлы

Ағымдағы жылғы 8 шілдеде NK Noks.kz сайтында жарияланған мақалада «Сейком» ЖШС директоры Николай Кондратьев Өскемен қаласында биылғы жылдың шілде айының соңына дейін көмір бағасының қымбаттауы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті мамандарының айтуынша, аталған нарық субъектісінің жоғарыда көрсетілген интернет-ресурста орналастырылған көмір құнының қымбаттауы туралы жария мәлімдемесі тұтынушылардың шектелмеген тобының құқықтарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Сонымен бірге, Өскемен қаласындағы көмірді өткізу нарығында «Сейком» ЖШС-нің үстем жағдайын ескерсек, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабынның бұзылуы ғажап емес.

– Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес нарық субъектісінің атына 2022 жылғы 20 шілдеде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында ескерту жасады, – деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыстық департаментінің бас маманы Лаура Манабова.

Осы айдарда

Back to top button