Сарбаз

Әскери қызметшілердің машығы қайта сыналады

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде қызметшілердің машықтары сыналатын жеке даярлық сабақтары басталды.

Мамандық бойынша сабақтар әскери бөлімнің жеке құрамымен белгіленген тәртіп бойынша өткізілді. Жеке құрам бірнеше топқа бөлініп, біліктілікті арттыруға бағытталған сабақ барысында тәжірибесі мол офицерлер мен сержанттар білім алушыларға жетекшілік етуде. Осы мақсатта әскери бөлімдерде оқу сыныптары мен іс-тәжірибелік арнайы оқу орындары әзірленді.

Жалпы, мамандық бойынша жеке даярлық сабақтарын өткізудің негізгі мақсаты – жауынгерлік әзірлік деңгейін көтеру және әскери қызметшілердің мамандықтары бойынша білім сапасын арттыру. Оқыту барысында бөлімшелер оқ-дәрілерді тиеу және қару-жарақты жауынгерлік жағдайға келтіру машықтарын меңгерсе, танк  батальоны нысаналарды орнынан және жүріп келе жатып көздеу әдістерін игерді.

– Жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі мен біліктілігін арттыру мақсатында оқуға қатысушыларды бірнеше топқа бөлдік. Әскери бөлім түгелдей сабақтарға қатысуда. Себебі әр әскери қызметші өз мамандығы бойынша сапалы білім алуы тиіс әрі осындай біліктілікті арттыруға бағытталған сабақтар алдағы уақытта болатын оқу жаттығуларда жоғары даярлықтың үлгісін көрсетуге сеп болады деп ойлаймыз, – деді сержант Қуат Қасымов

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жеке даярлық сабақтары қаңтар айының басына  дейін жалғасып, ары қарай жеке құрамның оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында бақылау және тәжірибелік сабақтарымен жалғаспақ.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button