Қоғам

Есептеу аспабы жоқ тұрғын үйлерге жылу қымбаттауы мүмкін

Есептеу аспабы жоқ тұрғын үйлерге жылу қымбаттауы мүмкін

Есептеу аспаптары жоқ тұрғын үйлерге жылу бағасы 20 пайызға қымбаттауы ықтимал. Қала тұрғындарына тиісті құрылғыларды орнаттыру үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияны реттеу департаметі осындай қадамға барып отыр.

Мамандардың айтуынша, тарифті көтеру жағдайы тек есептеу аспаптар орнатудан бас тартқан тұрғын үйлерге ғана қатысты болмақ. Ал техникалық
себептерге байланысты қосылу мүм-кіндігі жоқ үйлер өзгеріссіз, бұрын-ғыша төлей береді.

Бүгінгі таңда аталмыш департаменттің бұл ұсынысы республикалық ведомствода қаралып жатыр. Егер оң шешім шыға қалса, есептегіш аспапты орнатқысы келмейтін тұрғындар тұтынған жылуына басқалардан 20 пайызға қымбат тарифпен төлейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай механизмдер еліміздің өзге өңірлерінде қолданыста бар. Кейбір аймақтарда тарифтер айырмашылығы 50 пайызға дейін жетеді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button