Пробация

Есепте тұрған 21 адам тексерілді

Үстіміздегі жылдың 14-23 науырызы аралығында Ұлан аудандық №2 пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қайталама қылмыстырды жасауының және қоғамдық тәртіпті бұзушылығының алдын алу мақсатында «ПРОБАЦИЯ» республикалық алдын-алу іс-шарасы өткізілді.

Басты мақсаты ­­–­ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалар тарапынан болатын құқық бұзұшылықтың қайталануын уақытылы анықтау, сонымен қатар әкімшілік деректер органдарынның басқа да есептері бойынша тексеруді жүзеге асыру.

Аталған «Пробация» іс-шарасы Ұлан аудандық №2 пробация қызметінің қызметкерлері, сонымен қатар Ұлан аудандық жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері және түзету мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесе өткізілді. Аталған уақыт ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар күндізгі және түнгі уақытта тұрғылықты жерлерінен, сонымен қатар жұмыс орындарынан тексерілді.

Нәтижесінде тұрғылықты орындарынан және туыстары көрсеткен мекенжайлары бойынша есепте тұрған 21 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды тексеру жүргізілді. Оның ішінде 3 әйел адам, 2 жеңіл қылмыс жасаған, 16 ауыр қылмыс жасаған сотталған бар.

 

Жәнібек Мұхтаров,

облыс бойынша ҚАЖД

Ұлан аудандық № 2 пробация қызметінің

аға инспекторы, әділет аға лейтенанты

 

 

Back to top button