Қоғам

Еңсебаевтардың еңбек өтілі – 378 жыл

Еңсебаевтардың еңбек өтілі - 378 жыл


Ауданда «Еңбек жолы» атты байқау өтіп, оған Аягөз вагон жөндеу депосы филиалы 4 еңбек әулетінің өкілдері қатысты.

Байқаудың «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша Еңсебаевтар жеңімпаз атанды. Әулеттің еңбек жолын есепке алған қазылар алқасы 378 жыл толғандығының куәсі болды. Тұтқасын Көкенай Еңсебаев ұстаған әулет Аягөз өңіріне жақсы танымал. 1942 жылдан басталған аталмыш әулеттің еңбек жолы бұл өңір тұрғындарына үлгі-өнеге бола білді. «Құрметті теміржолшы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған Көкенай ақсақал мен оның қызы, «Даңқты еңбегі үшін» медалінің иегері Роза Көкенайқызынан кейін де теміржолды таңдаған ізбасарлар аз болмаған. Мираш Еңсебаев, Сайраш Көкенайұлы мен немерелері Қарлығаш Жүнісова, Берікқазы Мұхаметқалиевтар осы саланың таңдаулы мамандары атанып келеді. Жуықта Металлургтердің мәдениет үйінде облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Қарлығаш Сапарбековаға грамота мен ескерткіш сыйлық табыс етті. Сондай-ақ, Қарлығаш пен Берікқазы да Құрмет грамоталары мен бағалы сый-сияпатқа ие болды. Мұның өзі қарапайым еңбек адамдарының жалпы жұртшылық арасында зор құрметке ие бола алатындығының жарқын куәсіндей болғаны рас.

Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button