Қоғам

Ертісте теплоходпен жүзетін күн жақын

Ертісте теплоходпен жүзетін күн жақын


Алдағы жылы Өскеменнен Бұқтырма су қоймасына дейін теплоходпен жүзіп баруыңыз әбден мүмкін.
Ертістің үстімен кемеге мініп серуен жасау туралы өткен жылдан бері айтылып келе жатыр.
Мейрамбек Сыдықовтың иелігіндегі Шоқан Уәлиханов атындағы теплоход биылдан бастап жүзе бастайды деп жоспарланған болатын, алайда теплоходтың иесі аталмыш жоспар алдағы жазға дейін шегеріле тұратынын жеткізіпті.

– Оған бірнеше себеп бар. Су көлігі қазір Семейде. Оны Бұқтырмаға әкелу үшін Өскемендегі көпірдің астынан өткізу керек, өкінішке орай дәл қазір көпірдің астынан өтуге рұқсат жоқ. Қысқа қарсы рұқсат берілсе, теплоходты қалалық ГЭС-ке тоқтатып, жаз шыққанша сол жерге қаңтарып қоямыз. Бәрі ойдағыдай болса, теплоходымыз Өскемен мен Бұқтырма су қоймасы арасында жаз айларында жүзіп жүретін болады, – дейді Мейрамбек Сыдықов.
Теплоходқа 250 адам еркін отырады екен. Кемеде мейрамхана, тіпті сауна сияқты қосымша көңіл көтеру орындары да қарастырылған. Су серуенінің бағасы қанша болатыны және қосымша маршруттар жөнінде әзірге ештеңе айтылған жоқ.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button