Қоғам
Ертең алыс жолға шықпаңыз!

Көктем келді деп алақайлаған жұрттың қуанышы су сепкендей басылды. Екі күн қатарынан қар жауып, ақпанды он ораған наурыз ертең тағы тосын мінез танытайын деп тұр. Неге? Өйткені өңірде 3 наурыз күні тағы да дауылды ескерту жарияланды.
– 3 наурыз күні ШҚО-ның кей аймақтарында бұрқасын жел, көктайғақ және тұман түсуі күтіледі. Облыс тұрғындарына қала сыртына, алыс жолға шықпауға кеңес береміз, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Балауса Мэлсқызы