Қоғам

Ертеңімнің нұрлы болатынына сенемін

Ертеңімнің нұрлы болатынына сенемін

Ольга Рыпакова,
Олимпиада чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, жеңіл атлетика сериясы бойынша «Бриллиант лигасы» жарысының жеңімпазы:

– Біз, қазақстандықтар, болашағымыздың біртұтас екенін әрқашан есімізден шығармауымыз қажет. Тәуелсіз еліміздің орасан жетістіктері, оның ішінде халықаралық аренадағы бағындырған биіктеріміздің барлығы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасымыз өзінің қажымас қайратымен, ерен еңбегімен Отанға, елге деген адалдығын танытып, мемлекетімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосу жолында тер төгіп келеді. Біздің Тұңғыш Президентіміз ел басқару қызметіндегі алғашқы күннен-ақ қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын айтып келе жатыр. Бүгінгі таңда әлемдегі ешқандай мемлекет Қазақстан секілді ұлтаралық қатынастар саласындағы жетістіктерімен мақтана алмайды. Бұл ерен еңбектің, Ұлт Көшбасшысының маңайына топтасқан халықтың бірлігі мен ынтымағының арқасы екені сөзсіз.
Мемлекет басшысының барлық қазақстандықтардың ұлт бірлігін арттыру туралы бастамасы әрқашан қолдауға лайық. Бүкіл әлем елдері қаржылық-экономикалық қиындықты бастан кешіріп жатқанда, біздің еліміз аяғын нық басып, алға қойған мақсатқа ұмтылуда. Спорттық ортада спортшы үшін ең қажет қасиеттердің бірі – көңіліңді аударып, мазалайтын сыртқы жағдайларға назар аудармай, алға, діттеген мақсатыңа жету. Осы орайда қазақстандықтарға да болашақтан қорқуға болмайды. Өйткені, «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында алдағы межелер мен басымдықтар нақты көрсетілген.
Десе де стратегиялық жоспарларға қол жеткізу үшін біздің қоғамға әлі де бірігу қажет. Әсіресе, қазіргі кезде біз бір-бірімізге өте мейірімді де төзімді болуымыз керек. Қандай салада еңбек етіп жатқанына қарамастан, әрбір адам ортақ Отанымыздың игілігі мен гүлденуі жолында өзінің мүмкіндіктері мен талантын іске асыруы тиіс. Біз табысты да бақытты ұлт болуға міндеттіміз. Ол үшін әрқайсымыздың денсаулығымыз мықты болуы керек. Табысты ұлт, бұл – дені сау ұлт. Салауатты өмір салты біздің сәнімізге айналғанда, спортпен шұғылданып, тәніміз бен жанымызды шыңдағанда ғана біз алдағы арманымызға да жақындай түсеміз.

Осы айдарда

Back to top button