Қоғам

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

7-мамыр – Отан қорғаушылар күнінде облыс орталығында «Еске алу вахтасы» акциясы өтті. Бұл осымен сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шара.

Ерлік ешқашан ұмытылмайдыСымдай тізіліп, сапқа тұрған Өскемендегі әскери патриоттық клубтардың жас өрендері тарихқа тағы бір мәрте көз жүгіртті. Майдан даласынан оралмаған боздақтар рухына тағзым еткен бала сарбаздар «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қойды.

«Сұңқар», «Радуга», «Бүркіт», «Спасатель» атты клубтар бүгінде Өскемендегі әртүрлі мектептерде құрылған 11 мен 17 жас аралығындағы 420 баланы әскери тәртіпке тәрбиелеу үстінде.

Жиналған жұрттың алдында қала әкімінің орынбасары Асқар Нұрғазиев құттықтау сөзін сөйледі.

Салтанатты посты алғашқы боп әскери қолданбалы көпсайыс бойынша Қазақстанның 4 дүркін чемпиондары – Вячеслав Жаңатаев, Талғат Оразбаев, Анастасия Шмаева мен Юлия Ботищева қабылдады. Ал ескерткішке гүл дестелерді ең алғашқы болып мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері қойды. Дәл осы жерде 16 жасқа толған 11 бозбала әскерге тіркелу куәлігіне ие болды.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button