ТОП

Еріген қар суы жұртты әбігерге салды

Көктем, көктем, нұрын төккен. Көктем келіп, нұрын төгіп қыс бойы тынбай жауған қарды ерітіп жатыр. Ал еріген қар суы тұрғындар үшін кедергі. Осындай да құтқарушылар тобы көмекке келеді. Облыстық Төтенше жағдай департаменті бұл жолы ат басын Бородулихаға бұрды, анығырақ айтсақ, Орловка ауылына.

Департамент берген мәліметке сенсек, бүгінге дейін 60 текше метр су сорылған. Ұзындығы 300 метр, тереңдігі 2,5 метр болатын қар суы бұрылып, 700 қап төсеу жұмыстары ұйымдастырылды.


Сондай – ақ “Облшығысжол” ЖШС және Жезкент тау – кен байыту комбинатының күшімен “Бородулиха-Жезкент” автожолына инертті материалдар төселіп,  жолға құм себілді. Су басу қаупі сейілді. Жағдай күнделікті бақылауда. Қысқасы, Тұрғындардың лалаңдауына негіз жоқ.

Айта кетейік, Көкпекті ауданының Самар ауылында және Алтай ауданында ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімінің қызметкерлері  су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуде. 50 адамнан тұратын жеке құрам 5360 метр арық пен су бұру арналарын, 38 үйдің ауласын тазалап шыққан. Сонымен қатар, инертті материалы бар 2320 қап дайындалды. Оның 200 қабы төселді. Айта кетейік, ұзындығы 45 метр мұз кесілді, мұздың қалыңдығы – 1,5 метр.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button