Мәдениет

Ерекше форматтағы Наурыз

«Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда» деп әуелетіп ән айтатын уақыт та алыс емес.

Түркі тілдес халықтар, әсіресе қазақ халқы асыға күтетін бұл мейрам да орындалатын жоралғы-салттардың өзі бөлек әңгіме. Былтыр дүниежүзін жайлаған індеттің кесіренен бұл мейрамды үйден шықпай атап өттік. Биыл да орталық алаңға барып немесе ағайын-жұрағаттың үйінде той тоймайтынымыз анық. Алайда бұл мерекені атап өтпейміз деген сөз емес. Себебі қала, аудан болып бұл мәселе талқыланып қойған. Үйден шықпай-ақ, онлайн форматта атап өтеміз.

Жармалықтар онлайн тойлауды бастап кетті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын ұсына отырып, ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды, дәстүрлерді жаңғырту оларды насихаттау еліміздің әрбір азаматы үшін қастерлі міндеті екенін айтып өткен болатын.

Осы орайда Жарма ауданы бойынша санитарлық талапты қатаң сақтай отырып, әрі онлайн режимде Наурыз мейрамын атап өтуді көздеп отыр. Тіпті жоспарын да бекітіп қойыпты. Ендеше аудан тұрғындарының назарына ұсынамыз:
14 наурыз – Амал күні –тетрландырылған көрініс.
15 наурыз – Табиғат күні. Тазалық акциясын өткізу.
16 наурыз – Шежіре күні «”Тарих және Тәуелсіздік» дөңгелек үстел
17 наурыз – Тарихқа тағзым күні
18 наурыз -Игі істер күні
19 наурыз -Шымырлық пен шеберлік күні
20 наурыз – Зияткерлік күні. «Сөздің көркі – мақал» сайысы
21 наурыз – Ұлттық тағам күні. Мастер-класс көрсету.
22 Наурыз –Наурыз мерекесі
23 Наурыз –Жоралғы күні.

Айта кетейік, айтулы іс шараларды аудандық және ауылдық округ әкімшіліктері, сондай-ақ Мәдениет үйінің қызмсеткерлері бірлесе ұйымдастырып отыр.

Балауса ҚОЖАЕВА

Осы айдарда

Back to top button