Кедергісіз келешек

Ерекше балаларға қуаныш сыйлады

 Ұлан ауданының орталығындағы Мәдениет үйіне мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер жиналды. Үйлерінен көп шыға бермейтін бұл ерекше балақайлар Шырша мерекесін жыл бойы күтіп, оған қуана асығады.

Аудан әкімдігі ұйымдастырған жаңажылдық шырша мейрамына ауылдардан келген ерекше жеткіншектер қатысты. Думанды жиынға аудан әкімінің орынбасары Қуат Оқасов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Азамат Қайролдинов келіп, бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады.

Іс-шара барысында әсем безендірілген шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері түрлі қойылымдар көрсетті. Мереке өте көңілді өтті. Соңында балаларға кәмпит салынған дорбашалар таратылып, әрқайсысына «Вита Мир» дүкенінің сертификаттары ұсынылды.

Мәз-мейрам болған балалардың ата-аналары  аудан әкімдігіне ұйымдастырылған шара үшін алғыстарын айтты.

Назгүл Амантай

Осы айдарда

Back to top button