COVID-19 

Ереже бұзғандар азайды

«Аузы күйген үрлеп ішеді», деген мәтелді «Айыппұл алған, маскасын тастамайды» деп өзгертсек, қазірге заманға сай болатын секілді, ә? Күнде айыппұл алып жүрген тұрғындар санитарлық талаптарды сақтауға дағдыланып келеді. Бұл сөзімізге күнделікті тексеріс кезіндегі  мәліметтер дәлел.

22 ақпан күні Өскеменде азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерде маскалық режимді бұзу бойынша 8 факті тіркелген.
Семейде маскалық режимді бұзудың 9 жағдайы анықталды. 816 760 теңге болатын 12 хаттама толтырылды. Жалпы көлемі 773 005 теңгені құрайтын 11 айыппұл салынып отыр.
Глубокое ауданында 1 ереже бұзушылық тіркелді. Шемонайха қаласының тұрғыны Капорин көшесінде орналасқан «Татьяна» дүкенінде маскасыз жүрген.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button