Қоғам

ЭПИДЕМИОЛОГТАР ЕСКЕРТЕДІ

Шығыс Қазақстан облысының аумағы климаттық ерекшеліктерге, анофелогенді су қоймалары мен безгек қоздырғыштарын тасымалдаушы сары масалардың болуына байланысты безгек ауруының таралуы бойынша орташа топқа жатады. Алыс және жақын шетелдерден келген туристер, маусымдық жұмысшылар, еңбек мигранттары, қоныс аударушылар безгекті еліміздің аумағына әкелген жағдайда аурудың жергілікті жағдайлары тіркелуі мүмкін.

Безгек – жіті паразитарлық аурушаңдық, безгекті қарапайымдылардың плазмодий түрлері тудырады, Anopheles масалары арқылы таралады, ұстамалы қызба, мерзімдік қалтырап тоңу мен дене қызуының көтерілуі, денені тер басу, қан аздылықпен, бауыр және көк бауырдың үлкеюімен сипатталады.

Паразиттің түріне байланысты аурудың жасырын кезеңі 8-30 күнді құрайды, инкубациялық мерзім 6 айдан 3 жылға дейін созылуы мүмкін.

Безгек қоздырғышының бірнеше түрі болады, соның ішінде тропикалық безгек өте ауыр түрде өтеді, дер кезінде ем қабылдамаса, науқас адамның миына зақым келіп, өліп кетуі мүмкін.

Безгек адамнан адамға жұқпайды, тек жұқпаның көзі (науқас адам), безгек тарататын масалар және қолайлы климаттық жағдай болғанда ғана безгек ауруының жергілікті жағдайлары тіркеледі, сондықтан науқасты ерте анықтау оның ауруынан тез айығуына және аурудың таралуына жол бермеу болып табылады.

Безгекті өздігінен емдеуге болмайды. Аурудың клиникалық белгілері болса немесе оған күдіктенген жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, қанды безгекке тексерту қажет. Безгекке қарсы вакцинаның жоқтығына қарамастан, аурудың алдын алуға болады. Масадан қорғану үшін кешке далаға шығар алдында жеңі ұзын көйлек кию керек. Дененің ашық жерлеріне масаларды үркітетін репелленттер, үркітуші заттар киіп немесе ұстап жүру керек. Бөлмеде, далада жұқа арнайы шілтер шатырдың іщінде ұйықтау керек. Бөлмеде маса болған жағдайда жәндіктерді өлтіруге арналған аэрозольмен өңдеу керек.

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті безгек ауруы кең таралған эндемиялық елдерге баруы туралы шешім қабылдаған барлық азаматтарға мынаны ескертеді: осы елдерге барар алдында міндетті түрде емдеуші дәрігерге қаралып, безгекке қарсы қолданылатын химиялық препараттардың мөлшері мен қабылдау тәртібі жөнінде кеңес алып, қолдану нұсқамасын қатаң сақтау қажет.

Осы айдарда

Back to top button