Қоғам

«Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі өтеді

Елімізде алғаш рет халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндерінің фестивалі өтеді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл өскелең ұрпақтың мәдени өміріндегі ерекше оқиға. Оның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық ерекшелігі мен рухани мәдениетін дәріптеу.

– Фестиваль аясында 1 ақпаннан бастап еліміздің түкпір-түкпірінде балалар әндерінің челленджі басталды. Оған 6 жастан 17 жасқа дейінгі кез келген бала қатыса алады. Ол үшін TikTok әлеуметтік желісінде #әншуақ ортақ хэштегінің астына балалар әнінің жанды орындалған бейнесін жүктеу қажет. Қорытындысы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде шығарылады, – делінген мәліметте.

Сондай-ақ осы күні еліміздің әрбір елді мекенінде Open Air форматында концерттер өтеді. Ал елорданың өзінде «Әншуақ» фестивалінің гала-концерті болады.

– Фестивальдің ерекшелігі – бұл еліміздің рухани байлығын паш ететін, ең бастысы, өскелең ұрпақтың бойында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тұжырымдамасына енгізілген дәстүрлі тарихи, рухани, мәдени құндылықтар негізінде тұрақты адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге бағытталған. Фестиваль елімізге деген мақтаныш сезімін оятуға септігін тигізеді деген сенімдеміз, – деп атап өтті Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығында.

Айта кету керек, ең танымал әндерді орындаушылар өңір әкімдерінің республикалық гала-концертіне жолдамаларын алады. Ал оған қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама алады.

Осы айдарда

Back to top button